
10-13 наурыз аралығында Абай облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері – көшелер мен қоғамдық орындарда, оның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының профилактикасы болып табылады.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеруді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды анықтауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, «ізін суытпай» ашылатын және бұрын жасалған қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған өзге де шаралар қабылданады.
Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып, жол қозғалысына, соның ішінде қаладан тыс автомобиль жолдарындағы қозғалысқа бақылау күшейтіледі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177583?lang=kk

Добавить комментарий