
2026 жылғы 19 ақпанда 5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Аталған білім додасы оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға, ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыруға, дарынды балаларды анықтап, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ынталы білім алушыларды қолдауға бағытталған.
• Жаратылыстану пәнінен – Ақтау ауылының НББОМ 5-сынып оқушысы Тыныш Айсұлтан
(жетекшісі: Байбулатова Арайлым Сериккалиевна)
• Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі пәнінен – Шыңғырлау ЖОББМ 6-сынып оқушысы Утепбергенова Айша
(жетекшісі: Айталипова Гульнара Жамангиреевна)
• Ағылшын тілі пәнінен – Шыңғырлау ЖОББМ 6-сынып оқушысы Саматова Айгерим
(жетекшісі: Рахимгалиева Гульмира Кайдаровна)
• Қазақстан тарихы пәнінен – Л.Қылышев атындағы ЖОББМ 6-сынып оқушысы Жумагалиев Елдар
(жетекшісі: Мулдагалиева Кадиша Сейлхановна)
Алдағы республикалық кезеңде де жоғары жетістіктерге жетіп, облысымыздың абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Барлық жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз! 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177957?lang=kk

Добавить комментарий