📢 Қуанышты жаңалық!

Опубликовано:

Автор:

в категории
2026 жылдың 8–9 қаңтар күндері Сүлеймен Демирель университетінің базасында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өз мәресіне жетті.
Осы білім додасында Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ-нің химия пәні мұғалімі Каукиева Аягүл Гизатуллиновна өз кәсіби шеберлігімен дараланып, республикалық деңгейде марапатқа ие болды.
Ұстаздың шығармашылық ізденісі мен жаңашыл тәжірибесі жоғары бағаланып, арнайы грамота табысталды.
Құрметті әріптес, жеңісіңіз құтты болсын! Еңбегіңізге толағай табыс, биік белестер мен шығармашылық шабыт тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177902?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version