Мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау және балалар мен жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастырудың озық формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде
Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешені мектеп парламенті (Жетекшісі Рзиева А.Б.) жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл — оқушылардың белсенділігі мен көшбасшылығының, ұстаздардың жүйелі еңбегінің және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының айқын дәлелі.
Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177945?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ