Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні білім беру бөлімінің бұйрығымен “Балдырған” бөбекжайының меңгерушісі қызметіне Калмакова Ляззат Есмағамбетқызы тағайындалды.
Калмакова Ляззат Есмағамбетқызы 21.11.1994 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан Орал гуманитарлық колледжінде “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы, №42 “Алтын сақа” бөбекжайында тәрбиеші болып бастаған. 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылындағы “Болашақ” бөбекжайында тәрбиеші қызметін атқарды.
Жаңа қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және абыройлы еңбек тілейміз!
Добавить комментарий