АУДАН ӘКІМІ «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚА ИЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шараға ауданымыздың әр ауыл округтерінен келген ардақты аналар қатысып, отбасы құндылықтарын дәріптеп жүрген аналарға ерекше құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында аудан әкімі аналарды құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегінің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар көпбалалы аналардың ел демографиясын арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған үлесі жоғары бағаланатынын жеткізді.

Салтанатты жиында ҚР Президентінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 және 2026 жылғы 29 қаңтардағы №1164 Жарлықтарына сәйкес ауданымыздың 14 анасы «Күміс алқа», 14 анасы «Алтын алқа» төсбелгілеріне ие болды. Мемлекеттік наградаларды табыстау сәті аналар үшін ғана емес, олардың отбасы мен жақындары үшін де ерекше қуанышқа толы маңызды сәттердің бірі болды.

Аудан басшысы өз сөзінде ана – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі екенін атап өтіп, аналардың мейірімі мен тәрбиесі арқылы елдің болашағы қалыптасатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға әрдайым қолдау көрсетіліп келе жатқанын және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Сонымен қатар аудан әкімі ардақты аналарды алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бала-шағаларына бақ-береке тіледі.

Шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, қоғамға пайдалы, ел болашағына үлес қосатын тәрбиелі ұрпақ өсіру жолында еңбек ете беретіндерін жеткізді.

Айта кету керек, бүгінде Отырар ауданында 66 батыр ана, «Алтын алқа» орденімен марапатталған 698 ана, «Күміс алқа» орденімен марапатталған 1396 ана, І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 134 ана бар.

Осындай тағылымды шаралар аналардың қоғамдағы мәртебесін арттырып қана қоймай, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға зор ықпал етеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1177013?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version