Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
САУРАН АУДАНЫНДА «АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Сауран ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Баймахан Сүлейменов пен Жанар Темірбекова, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ақ жаулықты аналар, сондай-ақ ауданның түрлі саласында еңбек етіп жүрген арулар қатысты. Жиын барысында аудан әкімі барша аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
«Бүгінде өңіріміздің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларының негізгі жүгін әйелдер қауымы көтеріп келеді. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуда да нәзік жандылар елеулі жетістіктерге жетуде. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен қоғам дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымына әрдайым құрметіміз ерекше. Осы мереке қарсаңында сіздерге шынайы алғысымды білдіремін», – деді аудан басшысы. Іс-шара мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1176268?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *