Құрметті ардақты аналар мен аяулы апалар!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті ардақты аналар мен аяулы апалар!
🌷Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Бүгін біз “Шапағат” әлеуметтік орталығында бас қосып, қоғамымыздың ең қастерлі жандары – аналарымыз бен апаларымызға құрмет көрсетіп отырмыз. Сіздер – мейірім мен ізгіліктің, сабыр мен даналықтың, береке мен бірліктің жарқын үлгісісіздер. Әр шаңырақтың шаттығы мен жылуы, ұрпақ тәрбиесінің бастауы да – өздеріңіз.
Қазақ халқы қашанда ананы ардақтап, әйел затына айрықша құрмет көрсеткен. «Ана – өмірдің шуағы» деген сөз бекер айтылмаған. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз – кейінгі буын үшін үлкен өнеге, таусылмас тәрбие мектебі.
Осы игі шара барысында өзіммен бірге келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей және “Ордабасы оттары” газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек те өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, сіздерге деген құрметтерін білдірді.
Қадірлі аналар!
🌹Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым отбасыңыздың мерейін асырып, ел ішінде абыройларыңыз арта берсін!
@актуальное

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1176425?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *