
2026 жылғы 5 наурыз күні Шахтинск қаласының орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық бейне-сабақтар байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ғылыми-әдістемелік базасын байыту. Сонымен қатар, жаңашыл ұстаздардың ең үздік жұмыстарын насихаттау көзделген.
Аталған байқауға қаламыздың 15 мұғалім қатысты. Ұстаздар заманауи технологияларды қолдана отырып, өздерінің соны идеялары мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды.
Қорытынды нәтижелер:
Қазақ тілі (Т1)
1 орын – Кузембаева Мейрамгуль Кайыркеновна, «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;
2 орын – Сабиолдина Анар Кенесбекқызы, «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Сарсембекова Гаухар Кенжебаевна, «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
3 орын – Калабаева Айшагүл Сармантайқызы, «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Қазақ тілі (Т2)
1 орын – Ибраева Баян Ондирхановна, «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
2 орын – Досмаханова Ғалия Куанышбаевна, «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Кәрібек Меруерт Аманжолқызы, «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жүлделі орынға ие болған ұстаздар алдағы уақытта Шахтинск қаласының намысын облыстық кезеңде қорғап, кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдайтын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1176435?lang=kk

Добавить комментарий