Тәртіп отбасынан басталады: «Жанұя» қолдау орталығындағы кездесу

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Жанұя» отбасын қолдау орталығында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды әрі маңызды кездесу өтті. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Серік Өмірханұлы, сондай-ақ Ақсу ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция қызметкері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Қатысушыларға неке қиюға мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тетіктері, көмекке жүгіну алгоритмі және мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

Полиция қызметкерлері қысым көрсету, қудалау және мәжбүрлеудің кез келген түрі «отбасының жеке ісі» емес, заң бұзушылық болып табылатынын және ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Мәселені жасырып қалмай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды екені ескертілді.

«Тәртіп отбасы мен үйден басталады. Дәл осы отбасында құрмет, жауапкершілік және заңға бағынушылық қалыптасады. Мемлекет ұғымының алғашқы бастауы да – отбасы. Егер шаңырақта өзара түсіністік пен қауіпсіздік орнаса, тұтас қоғам да нығая түседі», – деді Серік Өмірханұлы.

Мұндай кездесулер тек ақпарат беріп қана қоймай, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы полиция мен қоғамдық институттар әрбір азамат үшін қауіпсіз әрі әділетті орта құру жолында тағы бір қадам жасауда.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1175649?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version