
Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Б.Ормановпен «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілудің тәртібі, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін қолдану мәселелері бойынша, оның ішінде нормативті есептеу тәртібі мен қаржыландыру шарттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жеке абилитация және оңалту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қызмет алушыларды жөргектермен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жөргектерге (подгузник) тапсырыс беру белгіленген тоқсандық норма шегінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, алдыңғы тапсырыс алынған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өтпейінше тапсырысты қайта рәсімдеу мүмкін емес. Көрсетілген мерзім ашықтық қағидаттарын сақтау, есеп жүргізу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында белгіленген.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Жолтаевамен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары және рухани құндылықтар мен мәдениет деңгейінің өзекті мәселелерін, некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілікті, сондай-ақ сталкингтің мәні мен ол үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
3 марта текущего года при проведении профилактического контроля руководителем отдела по контролю в сфере социальной защиты населения государственным инспектором социальной защиты Б.Ормановым в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Сарканского района» проведена разъяснительная работа в рамках Социального кодекса РК в части оказания специальных социальных услуг, по вопросам применения механизма подушевого финансирования, включая порядок расчета норматива и условия финансирования.
Вместе с тем, разъяснено о порядке обеспечения получателей услуг подгузниками в рамках исполнения индивидуальных программ абилатиции и реабилитации. В соответствии с поручением Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан оформление заказа на подгузники осуществляется в пределах установленной квартальной нормы. Таким образом, повторное оформление заказа возможно не ранее чем через 60 календарных дней с момента получения предыдущего заказа. Указанный срок установлен для соблюдения принципов прозрачности, учета и рационального использования бюджетных средств.
Уполномоченным по этике департамента Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по области Жетісу Д. Жолтаева разъяснены требования Закона РК «О противодействии коррупции» и актуальные вопросы духовных ценностей и уровня культуры, уголовной ответственности за принуждение к браку, а также о сущности сталкинга и мерах ответственности за него.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1175652?lang=kk

Добавить комментарий