Қызылорда облысындағы дәріханалардағы дәрілік заттардың қолжетімділігі туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Халықты қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету – әлеуметтік маңызы бар маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты Қызылорда облысындағы бірқатар дәріханалардан тұрғындарға ұсынылатын жеңілдіктер мен баға саясаты жөнінде ақпарат алынды.

Алынған мәліметтерге сәйкес, облыстағы кейбір дәріханаларда әлеуметтік осал топтарға арналған арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған. Дегенмен, барлық сатып алушылар үшін сатып алынатын дәрілік заттардың жалпы сомасына байланысты 5–10% аралығында жеңілдіктер ұсынылатын жағдайлар бар. Сонымен қатар, тұрғындар үшін дәрілік заттардың бағасын төмендетуге бағытталған акциялар мен арнайы ұсыныстар мерзімді түрде ұйымдастырылып тұрады.

Кейбір дәріханаларда тұрақты шамамен 5% жеңілдіктер және бонустық жүйелер енгізілген. Бұл жүйе бойынша сатып алушылар өздерінің телефон нөмірін тіркеу арқылы бонус жинап, кейінгі сатып алулар кезінде сол бонустарды төлем ретінде пайдалана алады.

Сонымен қатар, бірқатар дәріханаларда әлеуметтік маңызы бар 400-ге жуық дәрілік препаратқа ең төменгі сауда үстемелері белгіленіп, халыққа қолжетімді бағамен ұсынылуда.

📌 Жалпы алғанда, облыстағы дәріханалар тұрғындарға қолжетімді баға ұсыну мақсатында жеңілдіктер, бонустық жүйелер және акциялар сияқты түрлі тетіктерді қолдануда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1175693?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version