Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫҢ 13 ТҮРІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Түркістанда Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде көктемгі облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі додаға Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты аудан-қалалардағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары қатысуда. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 8 517 спортшы қатысып, олар спорттың 13 түрінен бақ сынайды.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың маңызына тоқталды. Қазіргі таңда облыста 51 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда спорттың 40 түрі бойынша, 1 520 жаттықтырушы 40 мың жасөспірімді кәсіби бағытта тәрбиелейді. Бұл көрсеткіштер өңірдегі спорт саласының жүйелі дамып келе жатқанын аңғартады. Наурыз-сәуір айлары аралығында өтетін спартакиада қорытындысы бойынша үздік аудан-қалалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛА ОБЛАСТНАЯ СПАРТАКИАДА ПО 13 ВИДАМ СПОРТА
В Туркестане стартовала весенняя областная спартакиада в спортивном комплексе им. Б.Саттарханова. В традиционном соревновании принимают участие команды детско-юношеских спортивных школ районов и городов, подведомственных Управлению физической культуры и спорта Туркестанской области. Впервые в соревнованиях приняли участие 8 517 спортсменов, которые соревнуются в 13 видах спорта.
На торжественном открытии мероприятия с приветственным словом выступил руководитель областного управления физической культуры и спорта Галымжан Худияров. В настоящее время в области функционирует 51 детско-юношеская спортивная школа. Там по 40 видам спорта 1 520 тренеров профессионально воспитывают 40 тысяч подростков. Эти показатели свидетельствуют о системном развитии спортивной отрасли региона. По итогам спартакиады, которая пройдет с марта по апрель, будут определены лучшие районы-города, победители и призеры будут награждены специальными медалями, кубками и благодарственными письмами.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1174229?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version