
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ
Отырар ауданында «Орынша» әлеуметтік дүкені ашылды. Бұл бастама тұрғындарды қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Дүкен басшылығы мен «Turkistan» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында өзара келісімшарт жасалып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылуда. Бұл әсіресе аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау болмақ.
Әлеуметтік дүкеннің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев арнайы қатысып, жеке кәсіпкер Орынша Оразәліқызымен кездесті. Онда өңірдегі бағаны тұрақтандыру, халыққа сапалы әрі қолжетімді өнім ұсыну мәселелері талқыланды. Мұндай әлеуметтік бұрыштардың ашылуы – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аудан көлемінде осындай жобаларды көбейту жоспарланып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ОТЫРАРСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛСЯ СОЦИАЛЬНЫЙ МАГАЗИН
В Отырарском районе открылся социальный магазин “Орынша”. Данная инициатива направлена на обеспечение населения продуктами питания по доступным ценам. Между руководством магазина и социально-предпринимательской корпорацией “Turkistan” заключен взаимный контракт, где социально значимые продовольственные товары будут реализоваться по ценам на 15-20% ниже рыночных. Это будет большой поддержкой, особенно для малообеспеченных и многодетных семей.
В церемонии открытия социального магазина принял участие заместитель акима района Токсеит Елекеев, который встретился с индивидуальным предпринимателем Орыншой Оразаликызы. На встрече обсуждались вопросы стабилизации цен в регионе, предоставления сельчанам качественной и доступной продукции. Открытие таких социальных уголков позволит повысить качество жизни жителей и усилить социальную поддержку. В дальнейшем планируется увеличить количество таких проектов в районе.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1174232?lang=kk

Добавить комментарий