АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ОРНЫНА – ЖАҢА БАСПАНА: ЛЕНГІРДЕ 156 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

🇰🇿Ленгір қаласындағы апатты жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға байланысты аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғын үй иелерімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан басшысы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелерінде орналасқан, 1936 жылы салынған екі қабатты 8 тұрғын үйдің жай-күйімен танысып, тұрғындармен ашық пікір алмасты. Сондай-ақ апатты жағдайда тұрған баспаналардың орнына берілетін жаңа пәтерлерді көрсетті.

Аталған үйлерде 700-ден астам азамат тұрып келген. Уақыт талабына сай келмейтін, әбден тозығы жеткен бұл баспаналар апатты жағдайда деп танылып, тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарға алынды.

Осыған байланысты облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен Ленгір қаласының І мөлтек ауданында, Қапал Батыр көшесі бойынан 156 пәтерлі үш бес қабатты тұрғын үй бой көтерді. Құрылыс жұмыстары 2023–2025 жылдары облыстық бюджет есебінен жүргізіліп, 2025 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қабылдаудан өткізілді.

📍Жоба аясында 125 пәтер апатты үйлерде тұрған отбасыларға, ал 31 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Жалпы тұрғын үйдің аумағы 10 026 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 39 бір бөлмелі, 39 екі бөлмелі және 78 үш бөлмелі пәтер бар.

✅Қазіргі таңда инфрақұрылым жүйелерін толық іске қосу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қалдық қаржы толық бөлінген жағдайда, құрылыс мамыр–маусым айларында толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұл жоба – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1175079?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *