
БКМ-ді 2.0.3 нұсқадағы Протоколға міндетті түрде көшіру
Әулиекөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық салық төлеушілерге – бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) иелеріне хабарлайды:
заңнама талаптарын елемеуге жол берілмейді.
📍 Негізгі өзгерістер
2.0.3 нұсқадағы Протоколды енгізуге байланысты:
* БКМ чектері ОФД-дан алынған сәттен бастап 15 минуттан кешіктірілмей КГД-ға жіберілуі тиіс
* БКМ-нің нақты геолокациясы міндетті түрде тіркеледі
* Ұлттық тауарлар каталогымен (ҰТК) интеграция міндетті
❗ Чекке қойылатын талаптар
Әрбір БКМ чегінде міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс:
✅ ҰТК-ға сәйкес тауардың атауы
✅ Тауардың сәйкестендіру коды
✅ Сәйкестендіру құралы (таңбаланатын тауарлар үшін)
✅ Геолокация деректері
📍 Талаптарды сақтамаудың салдары
Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін БКМ-дер мемлекеттік БКМ тізілімінен шығарылады.
📅 Көшу мерзімдері
1 наурыз 2026 жыл — белсенді БКМ-дер толықтай 2.0.3 Протоколына көшуі тиіс
15 наурыз 2026 жыл — белсенді емес БКМ-дер кешігу себептерін көрсете отырып, жаңа Протоколға көшірілуі тиіс.

Добавить комментарий