15 НАУРЫЗДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті отандастар!

2026 жылғы 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін АФИНА қаласының уақыты бойынша Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №440 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 11 ақпанда қол қойған.

Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №440 референдум учаскесінде 18 жасқа толған, Грек Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс бере алады.

№440 учаскенің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөлімінің kz25101990@gmail.com электрондық поштасына жолдауыңыз қажет.

Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының қолданыстағы паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +30 210 65 15 643 жұмыс телефоны арқылы немесе kz25101990@gmail.com электрондық поштасына хабарласуға болады.

Мекенжайы: Papadiamanti 4, Psychiko 15452, АФИНА, Грек Республикасы.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1173126?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *