Жұмыс сапары: Білім беру нысандарын зерделеу

Опубликовано:

Автор:

в категории

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Мұратов пен білім бөлімінің басшысы Красный яр және Құнарлы ауылдық округтеріндегі мектептердің жай-күйімен танысты.
​🔎 Негізгі мәселелер мен шешімдер:
​🔹 Красный яр ауылдық округі: Красный яр, Уба-Форпостов және Песчанка мектептері (жалпы саны 149 оқушы) тексерілді. Оқушы санының тым аздығына байланысты (небәрі 9 бала) Уба-Форпостов орта мектебін жабу мәселесі қарастырылуда.
​🔹 Құнарлы ауылдық округі: Сахновка және Буркотов мектептерінде 42 бала білім алуда. Бала санының аздығына байланысты бұл білім ордаларын «орта мектеп» мәртебесінен «негізгі мектеп» форматына ауыстыру жоспарлануда.
​🔹 Кадр мәселесі: Ауыл мектептерінде маман тапшылығы сезіледі, кейбір мұғалімдер қаладан қатынап жұмыс істеуде. Бұл мәселені шешу үшін Облыс әкімінің «Қаладан ауылға» пилоттық жобасын іске асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.
​Жұмыс сапары барысында жылу қазандықтарының үздіксіз жұмысы мен балалардың қауіпсіздігі де ерекше бақылауға алынды. Білім сапасын арттыру мен мектептерді оңтайландыру жұмыстары жалғасады.

Исполняющий обязанности мэра района Т. Муратов и начальник управления образования ознакомились с ситуацией в школах Красногорского и Кунарского сельских округов.
🔎 Основные проблемы и решения:
🔹 Красный Ярский сельский округ: в школах Красного Яр, Уба-Форпостова и Песчанка (всего 149 учеников). Из-за нехватки учеников (всего 9 детей) рассматривается вопрос закрытия Уба-Форпостовской средней школы.
🔹Кунарский сельский округ: 42 ребенка обучаются в школах Сахновки и Буркотова. Из-за дефицита детей планируется изменить эти учреждения образования со статуса «средняя школа» на формат «главная школа».
🔹Кадровая проблема: В сельских школах дефицит специалистов, некоторые учителя работают из города. Для решения данной проблемы будут проведены конкретные работы по реализации пилотного проекта «От города в село» губернатора области.
В ходе рабочего визита также были учтены непрерывная работа отопительных котлов и безопасность детей. Продолжатся работы по повышению качества образования и оптимизации школ.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/boroduliha-roo/press/news/details/1171904?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version