Астана қаласының Әділет департаментімен атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті және проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, мүдделі мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот актілерінің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, алимент бойынша берешектерді өндіру кезіндегі өзекті мәселелер, сот орындаушыларының мемлекеттік органдармен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ орындалмаған атқарушылық құжаттардың санын азайту тетіктері талқыланды.
Қатысушылар атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыру, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған қосымша шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша атқарушылық құжаттардың орындалу сапасын арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды.
Астана қаласының Әділет департаменті сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/1171564?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ