Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы өткен семинар-тренингтің БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің

ұйымдастырушылық аспектілері

туралы өткен семинар-тренингтің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен                    2026 жылдың 24 ақпанында Қаратау қаласы, «Ұлбике ақын атындағы» мәдениет үйінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары өтті.

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Талас аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелері, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, аудандық прокуратура өкілі, аудандық полиция қызметінің өкілі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.

Оқу-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Т.Жамалов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Дәріскерлер «Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері», «Республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің және хабардар ету», «Референдумды өткізуде даярлық барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі онлайн-платформалар мен әлеуметтік желінің қолданысы туралы», «Әлеуметтік желідегі посттарға жедел әрекет ету алгоритмі», «Республикалық референдум қарсаңындағы үгiт», «Республикалық референдумды өткізу барысындағы байқаушылар мен саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы», «Республикалық референдумды заң талаптарына сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету және жауапкершiлiк», «Республикалық референдумды өткiзу тәртiбi туралы» және «Дауыс беру мен дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі туралы» тақырыптарда дәрістер оқып, оқытылған тақырыптарды практикалық тұрғыда шыңдау мақсатында учаскелік сайлау комиссия  мүшелерімен ситуациялық сұрақтарға талқылау жүргізді. Сонымен қатар оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері топтарға бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

         Семинар соңында учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша тест алынып, сертификаттар табысталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1170594?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version