«КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

✅Отырар ауданы аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

🔹Сағат 08:55-те берілген «Дабыл» сигналына сәйкес аудандық шұғыл ден қою жасақтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары жедел түрде жұмылдырылып, олардың дайындығы тексерілді.

🔹Оқу-жаттығу барысында көктем мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Атап айтқанда, халықты көшіру, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ хабарлау және байланыс жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі нақтыланды.

🔹Іс-шара қорытындысында жауапты қызметтердің өзара үйлесімді әрекет ету деңгейі бағаланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1171208?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *