
Кештің басты кейіпкерлері – өмірін жаңадан бастауға бел буып, соны сәтті жүзеге асырған жастар болды.
2023 жылдан бері «Жаңаша» қоғамдық қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырып келе жатқан бұл жоба көптеген қатысушы үшін нағыз тірекке айналды. Негізгі мақсат – жұмыссыз жастар мен декреттік демалыста отырған аналарды заманауи еңбек нарығына бейімдеп, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беру.
Үш кезең барысында жоба 1600-ден астам адамды қамтыды. Тек үшінші кезеңнің өзінде — 2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына дейін — Атырау мен Құлсары қалаларынан 689 жас тегін білім алды. Бұл жай ғана көрсеткіш емес: осы уақыт аралығында қатысушылар 80 миллион теңгеден астам табыс тапты. Олардың 300-ге жуығы бүгінде тұрақты кіріс көзіне ие.
Салтанатты шара алдында «Ауру», «Дәстүр-2», «Құшақташы, мама» фильмдерінің контент-маркетологы Қазбек Тұрдақын «Қалай миллиондаған қаралым жинап, оны сатылымға айналдырып, танымал болуға болады?» тақырыбында мотивациялық тренинг өткізді.
Кештің шарықтау шегі маркетинг, графикалық дизайн, SMM, мобилография және таргетинг бағыттары бойынша үздік түлектерді марапаттау рәсімі болды.
Үздіктер қатарында құлсарылық Жаңабек Мәліков те бар. Ол он жыл бойы Теңіз кен орнында еңбек еткен. Қысқартуға ұшырағаннан кейін жаңа өмір бастау қажеттілігі туындап, «Шектелме» жобасы аясында таргетинг пен SMM курстарын тәмамдады. Бүгінде жаңа мамандығын меңгеріп, тұрақты табыс тауып отыр.
— Бұл жоба маған сенім мен жаңа мүмкіндік сыйлады, — дейді ол.
«Шектелме» тағы да дәлелдеді: қолдау мен білімге деген ұмтылыс болса, алынбайтын асу жоқ. Кейде бір мүмкіндік бүкіл өмірді

Добавить комментарий