Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕ» АТТЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМ АЯСЫНДА AI ХАКАТОННЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның салтанатты ашылуы өтті.
Аталған форум Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған цифрлық трансформация басымдықтарын іске асыруға және Цифрландыру жылы аясында Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын орындауға бағытталған.
«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының басшылары мен жастар қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаментінің басшысы Мұрат Джакин, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев, сондай-ақ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Жанар Темірбекова сөз сөйлеп, форумның стратегиялық маңызына тоқталды.
Спикерлер цифрлық трансформацияны жеделдету, мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект шешімдерін енгізу және қаржылық қауіпсіздік тетіктерін күшейтудің өзектілігін атап өтті.
Екі күнге жоспарланған іс-шараның бірінші күні қатысушылар AI Хакатон аясында нақты мемлекеттік кейстер бойынша жобаларын әзірлеуге кірісті. Командалар қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге жасанды интеллект негізіндегі практикалық шешімдер ұсынуда.
Форумның екінші күні стратегиялық бағыттағы панельдік сессиялар мен сараптамалық пікірталастар өткізіліп, хакатон жобалары қорғалады және үздік командаларды марапаттау рәсімі өтеді.
AI Хакатон қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың жолын кесу, тәуекелдерді ерте айқындау және мемлекеттік бақылау тетіктерін цифрлық технологиялар арқылы жетілдіруге бағытталған нақты шешімдерді әзірлеуді көздейді.
Хакатонға 114 команда, 400-ге жуық қатысушы тіркелді. Қатысушылар қатарында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының білім алушылары бар. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан келген командалар іс-шараның республикалық деңгейдегі маңызын айқындай түсті.
Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобаларын ұсынуда. Атап айтқанда, AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау, лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді айқындау, заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық сайттарды анықтау, Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар және қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыттағы шешімдерді әзірлеу.
AI Хакатон – цифрлық дәуір жағдайында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымын заманауи технологиялар арқылы күшейтуге және жаңа буынның зияткерлік әлеуетін мемлекеттік міндеттерді шешуге бағыттауға арналған стратегиялық алаң.
Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту және цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———————
В ТУРКЕСТАНЕ В РАМКАХ МЕЖРЕГИОНАЛЬНОГО ФОРУМА «ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ В ЭПОХУ ЦИФРОВИЗАЦИИ И ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА» СОСТОЯЛОСЬ ОТКРЫТИЕ AI-ХАКАТОНА
При поддержке акимата Туркестанской области и организации департамента экономических расследований Агентства по финансовому мониторингу по Туркестанской области состоялось торжественное открытие двухэтапного AI-Хакатона. Мероприятие проходит в рамках межрегионального форума «Финансовая безопасность в эпоху цифровизации и искусственного интеллекта».
Форум направлен на реализацию приоритетов цифровой трансформации, обозначенных в Послании Президента Республики Казахстан, а также на выполнение поручений Главы государства в рамках Года цифровизации.
В мероприятии, прошедшем в многофункциональном комплексе «Конгресс-холл», приняли участие представители центральных и местных государственных органов, эксперты, руководители высших учебных заведений и молодежь.
На церемонии открытия выступили заместитель акима области Ертай Алтаев, руководитель ДЭР по Туркестанской области Ерболат Балгабаев, руководитель департамента цифровизации АФМ РК Мурат Джакин, руководитель департамента кадровой работы АФМ РК Данияр Турганбаев, а также ректор МКТУ имени Х.А. Ясави Жанар Темирбекова. Спикеры подчеркнули стратегическую значимость форума.
В ходе выступлений была отмечена актуальность ускорения цифровой трансформации, внедрения решений на базе искусственного интеллекта в систему государственного управления и усиления механизмов финансовой безопасности.
Программа мероприятия рассчитана на два дня. В первый день участники приступили к разработке проектов в рамках AI-Хакатона по конкретным государственным кейсам. Команды предлагают практические решения актуальных проблем финансовой безопасности на основе ИИ.
Во второй день форума запланированы стратегические панельные сессии и экспертные дискуссии, защита проектов хакатона и церемония награждения лучших команд.
Цель AI-Хакатона – разработка конкретных решений для предотвращения финансовых правонарушений, пресечения теневой экономики, раннего выявления рисков и совершенствования механизмов государственного контроля с помощью цифровых технологий.
Для участия в хакатоне зарегистрировались 114 команд (около 400 участников). В их числе школьники, студенты колледжей и вузов из Туркестанской, Жамбылской, Кызылординской областей и города Шымкента. Участие команд из Астаны и Алматы подчеркивает республиканский статус мероприятия.
Участники представляют проекты по пяти основным направлениям: AI Digital Trace – выявление незаконных продавцов на платформе Telegram, ИИ против лудомании – раннее выявление и профилактика игровой зависимости, AI-анализ госзакупок – выявление манипуляций в технических спецификациях, AI-мониторинг незаконных интернет-ресурсов – обнаружение онлайн-казино, финансовых пирамид и мошеннических сайтов, Open AI Challenge: Финансовая безопасность – разработка свободных решений против мошенничества, теневых схем и финансовых рисков.
AI-Хакатон является стратегической площадкой для укрепления принципа «Закон и порядок» в условиях цифровой эпохи, усиления инфраструктуры финансовой безопасности через современные технологии и направления интеллектуального потенциала нового поколения на решение государственных задач.
Департамент экономических расследований по Туркестанской области намерен и далее продолжать системную работу по обеспечению финансовой безопасности, укреплению правопорядка и реализации цифровой трансформации.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1169640?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version