“Әйелге құрмет-қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші” ақпараттық науқаны аясында ағымдағы жылдың 23 ақпанында департаментте “Сталкинг-жасырын қауіп” тақырыбында психологиялық семинар – тренинг өткізілді.
Семинардың мақсаты әйелдердің қоғам дамуындағы рөлінің маңыздылығын және гендерлік теңдік пен құқықтық мәдениеттің маңыздылығын көрсету болды. Департамент қызметкерлері ҚР әйелдер құқығын қорғау туралы заңнамасымен және зорлық-зомбылық пен жеке тұлғаны кемсітуге қарсы заңдардың маңыздылығымен таныстырды.
Семинар – тренинг Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психолог өткізілді.
#Qurmet
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1169787?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ