Шығыстүстімет кеншілері: Референдум — жауапты таңдау
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Оның барысында азаматтар Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша өз пікірін білдіреді. Көпшілік үшін бұл жай ғана науқан емес, саналы азаматтық таңдау әрі ел болашағына әсер ету мүмкіндігі.
Осы орайда KAZ Minerals Тобына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері де өз ұстанымдарын білдірді. Олар күнделікті жұмысында жауапкершілік пен өзара сенімге сүйеніп еңбек етіп келеді.
Тау-кен шебері Темірлан Исламханов жеке жауапкершілік қағидаты өндірісте ғана емес, қоғамдық өмірде де маңызды екенін атап өтті:
Біздің жұмысымызда ұсақ-түйек болмайды — әр адамның іс-әрекеті қауіпсіздікке және ортақ нәтижеге әсер етеді. Біз өз шешімдеріміз үшін жауап беруге үйренгенбіз.
Референдум да — дәл сондай жауапты таңдау. Шет қалмай, келіп дауыс беруді маңызды деп санаймын. Бұл — менің ел болашағына қосқан үлесім. Баршаңызды да осыған шақырамын, — деді о
https://kaz.inform.kz/news/shigistustmet-kenshler-referendum-zhauapti-tandau-0532e
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1170169?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ