КОНСТИТУЦИОННЫЕ РЕФОРМЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін “Әулиеата” ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Рысбаева и К” ЖШС ұжымымен кездесу өткізілді.

Басқосу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныстырылып, олардың мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, конституциялық жаңашылдықтардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалы, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудағы рөлі төңірегінде пікір алмасу өрбіді. Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata/press/news/details/1170052?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *