Байқоңыр қаласында «Көктем–2026» республикалық командалық штабтық-оқу-жаттығуы өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

 «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Байқоңыр қаласында да практикалық оқу-жаттығу жүзеге асты.

Қызылорда облысы үшін көктемгі кезеңдегі басты қауіп – Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі мен сең жүру құбылыстары. Осыған орай өзен бойындағы елді мекендерде қорғаныс дамбаларының жағдайы, инертті материал қоры тексеріліп, су айдау және арналарды тазалау жұмыстары пысықталуда.

Осы бағытта Қармақшы ауданының азаматтық қорғау қызметтері және Байқоңыр қаласы РФ ТЖМ №70 Арнайы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, оқу-жаттығу кезеңдері пысықталды, жұмылдырылатын күш-құралдар айқындалды. Аталған трансшекаралық оқу-жаттығуға РФ ТЖМ №70 Арнайы басқармасынан жеке құрамның 15 адамы, 4 бірлік техника Қармақшы ауданының азаматтық қорғау қызметтерінен 76 адам, 24 бірлік техника қатыстырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1170027?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version