
КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 20-ДАНА АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕЛГЕН
Келес ауданында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба 8 елді мекенде жүзеге асырылды. Жобалардың басым бөлігі жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 33,9 шақырым болатын 7 елді мекендегі 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылында – 11 көше, Жаңа қоныста – 3 көше, Жамбыл, Қарабура және Алғабас елді мекендерінің әрқайсысында – 1 көшеден жөнделді. Сонымен қатар, Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында 2 көшеден жаңартылды.
Ауданда сапалы электр қуатымен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Саңырау, Қоңыртөбе, Үшағаш және Ақсу елді мекендерінде электр желілері тартылып, трансформаторлар орнатылды. Нәтижесінде тұрғындар тұрақты әрі сапалы электр қуатына қол жеткізді. Сондай-ақ, Абай ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Ал Жүзімдік елді мекенінде 149 орындық жаңа Мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1169139?lang=kk

Добавить комментарий