МАҚТААРАЛДА ФУТЗАЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

МАҚТААРАЛДА ФУТЗАЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында футзалдан аудан әкімінің кубогына арналған турнир өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен турнирге 10 команда қатысты.

Жарыс қорытындысында I орынды аудандық прокуратура командасы, II орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесі, III орынды аудандық полиция бөлімі иеленді. Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» номинациясы ҰҚК аудандық бөлімшесінің қызметкері Ғабит Момбековке, «Үздік шабуылшы» – аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбековке, ал «Үздік ойыншы» номинациясы аудандық прокуратура қызметкері Жалғас Амантайға бұйырды.

Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйақылар, арнайы кубоктар мен медальдар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1168707?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *