Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізілген көктемгі тазалық жұмыстары туралы ақпарат
Сарыбұлақ ауылдық округі аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінің алдын алу және төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында бірқатар ұйымдастыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауыл ішіндегі арық-атыз жүйелері, су өткізу арналары мен құбырлар қардан, мұздан және қоқыстан тазартылды. Су ағымының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін көпір асты өткелдері мен су өткізгіш құбырлар тексеріліп, бітелген жерлері ашылды. Сонымен қатар, елді мекен аумағындағы қар көп жиналған учаскелерден қар шығару жұмыстары ұйымдастырылды.
Көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталып, тұрақты бақылауға алынды. Жауапты мамандар тарапынан су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қажетті арнайы техника мен инертті материалдар (құм, қаптар) дайындыққа келтірілді.
Ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аулаларды қардан уақытылы тазалау, су өтетін арықтарды бітемеу және төтенше жағдай туындаған жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажеттігі ескертілді.
Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде көктемгі кезеңде су тасқынының алдын алу және елді мекен аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1168936?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ