Ішкі саясаттың негізгі қағидалары – қоғам тұрақтылығының негізі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі қағидалары, құндылықтары мен бағыттары мемлекеттің қоғамдық дамудағы стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісімді нығайтуға және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ішкі саясаттың басты қағидаларының бірі – адам және оның құқықтарының басымдығы. Мемлекет азаматтардың саяси құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың еркін пікір білдіруіне, қоғамдық және саяси процестерге қатысуына жағдай жасауға ерекше мән береді. Бұл демократиялық институттарды дамыту мен құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды шарты болып табылады.
Сонымен қатар, құжатта заң үстемдігі, әлеуметтік әділдік, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі секілді құндылықтар айқын көрсетілген. Бұл қағидалар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға деген қатысуын күшейтеді.
Азаматтардың саяси құқықтарын қорғау мәселесі ішкі саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сайлау процесінің әділдігі, қоғамдық бірлестіктердің еркін қызметі және азаматтық қоғам институттарының дамуы — елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі.
Основные принципы внутренней политики как фактор устойчивого развития общества
Указом Президента Республики Казахстан от 5 ноября 2025 года № 1081 утверждены основные принципы, ценности и направления внутренней политики, определяющие стратегический вектор общественного развития страны. Данный документ направлен на укрепление общественного согласия, политической стабильности, а также на защиту прав и свобод граждан.
Одним из ключевых принципов внутренней политики является приоритет прав человека. Государство создаёт условия для реализации гражданских и политических прав, обеспечения свободы выражения мнений и участия граждан в общественно-политической жизни. Это служит важной основой развития демократических институтов и построения правового государства.
Особое внимание в документе уделяется таким ценностям, как верховенство закона, социальная справедливость, открытость и подотчётность государственных органов. Реализация данных принципов способствует повышению доверия общества к государству и укреплению взаимодействия между властью и гражданами.
Обеспечение и защита политических прав граждан рассматриваются как приоритетное направление внутренней политики. Честные выборы, свободная деятельность общественных объединений и развитие институтов гражданского общества являются важными условиями устойчивого и поступательного развития Республики Казахстан.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1168764?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ