БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ – НАЗАРДА

Опубликовано:

Автор:

в категории

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ – НАЗАРДА 

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған комиссия төрағасы Эльмира Ершұманова жүргізу тізгінін ұстаған жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайырбек, аудандық мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов, аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов және аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне «Аудан аумағындағы тиісті бағдарламалар әкімшілерінің 2025 жылғы бюджеттің тиімді атқарылуын  қамтамасыз етуі туралы» мәселе қойылып, есептері тыңдалды. Соған сәйкес, «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ (қосалқы негізде – «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» КМҚМ, «Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ), «Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ (қосалқы негізде – «Ұлытау ауданының спорт орталығы» КМҚК) басшылары есеп берді.

Басқосу барысында комиссия мүшелері тарапынан туындаған сауалдарға бөлімдер мен коммуналдық мекеме, кәсіпорындар басшылары көңілге қонымды жауап берді. Тиісінше, халық қалаулылары ортақ мүдде тұрғысынан ортаға салған ескертулер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетіні мәлімделді.

Тұрақты комиссияның осы бағыттағы жұмысы әлі де жалғасын табады. Алдағы отырыстарда аудандық деңгейдегі өзге де мемлекеттік мекемелер басшыларының, сондай-ақ, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есептерін тыңдау, тиісінше, тұжырымдар жасау көзделіп отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press/news/details/1168820?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version