
ҚР ІІМ бастамасымен “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында және 23–27 ақпан аралығында өтетін “Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң” және “Stop сталкинг” тақырыбындағы іс-шаралар аясында Жаңаөзен қаласының 23 ЖББМ 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заң алдындағы жауапкершілік, жасөспірімдердің қылмысқа бару жолдарын алдын алу, сондай-ақ ҚР ҚК 115-1 бабы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен еркін диалог форматында сұрақ-жауап жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1168510?lang=kk

Добавить комментарий