Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ТОЛУ ДЕҢГЕЙІ 71 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
▪️Енді бір айда жылдың І маусымы аяқталып, жоспарланған жұмыстардың жүйеленуін бағалайтын алғашқы көрсеткіштер шығып үлгереді. Әр сала басшылары бекітілген индикаторлардың орындалуын қалай қамтамасыз етіп отыр? Берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы қай деңгейде? Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша лездемелік мәжіліс өткізіп, осы сұрақтарға жауап алды.
▪️Түркістан облысында 12 731 шақырымды құрайтын 4180 канал, жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд. м3 болатын 42 су қоймасы, 5712 шақырымға созылған 1256 қашыртқы және 1794 ұңғыма бар. Су қоймалардың толу деңгейі бүгінгі таңға 71 пайызды құрап отыр. Шаруашылықтарды су үнемдеу технологиясына көшіру бойынша аудан-қала әкімдіктерімен бірлесіп диқандармен тұрақты түрде кездесулер өтіп, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
▪️Ветеринария саласындағы мәселелер де қаралды. Энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандырудың І кезеңі наурыз айында басталады. Биыл 31,4 млн. шаршы метр мал иірімдері мен суат аумақтарын, 92,6 млн. шаршы метр үйіргелік және сыртқы қоражайларды залалсыздандыру жоспарланған. 3,2 млн. бас ірі қара малды бүркіп, 9,9 млн. бас уақ малды тоғыту көзделген.
▪️Облыс әкімінің орынбасары мәжілісте көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты басқармалардың міндеттерін нақтылап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———————–
УРОВЕНЬ НАПОЛНЯЕМОСТИ ВОДОХРАНИЛИЩ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ДОСТИГ 71 ПРОЦЕНТА
▪️ Через месяц завершится первый квартал года, и будут подведены первые итоги системной работы. Как руководители отраслей обеспечивают выполнение утвержденных индикаторов? На каком уровне находится реализация данных поручений? Сегодня заместитель акима области Нурбол Турашбеков провел оперативное совещание по курируемым направлениям и получил ответы на эти вопросы.
▪️ В Туркестанской области функционируют 4180 каналов протяженностью 12 731 км, 42 водохранилища общей емкостью 8,7 млрд кубометров, 1256 коллекторов (5 712 км) и 1794 скважины. На сегодняшний день уровень наполняемости водохранилищ составляет 71%. Совместно с акиматами районов и городов проводятся регулярные встречи с дехканами по внедрению водосберегающих технологий.
▪️ Также были рассмотрены вопросы сферы ветеринарии. Первый этап дезинфекции против энзоотических заболеваний начнется в марте. В этом году запланирована обработка 31,4 млн кубометров мест скопления скота и территорий водопоя и 92,6 млн кубометров придомовых и внешних хозпостроек. Планируется опрыскивание 3,2 млн голов крупного рогатого скота и купание 9,9 млн голов мелкого рогатого скота.
▪️ Заместитель акима области уточнил задачи ответственных управлений по всем поднятым на совещании вопросам и дал соответствующие поручения.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167965?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *