
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Түркістан қаласы тұрғындарымен жеке қабылдауында көтерілген мәселелерді жекелей зерделеу мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындармен арнайы жүздесіп, өзекті түйткілдермен тікелей танысты.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Атап айтқанда, I мөлтек аудан аумағындағы 3 тұрғын үй кешенінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты тиісті салалық бөлімдер мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар қала әкімі биыл I шағынуданында орналасқан 2, 3 және 5 көпқабатты тұрғын үй кешендерінің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізілетіні атап өтті.
Сондай-ақ Жаңа қала аумағындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің 1/1 және 1/2 үйлерінде анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды жою жөнінде жауапты бөлімдерге қысқа мерзімде қалпына келтіру тапсырылды. Бұдан бөлек 9-көшеде орналасқан 38/2 және 38/3 тұрғын үй кешендерінде тұрғындармен кездесіп, көтерілген өтініштерге сәйкес тиісті мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.
Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі құрылыс бөліміне және тиісті сала мамандарына анықталған кемшіліктерді жедел түрде зерделеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отыратындығы атап өтілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167952?lang=kk

Добавить комментарий