
ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН ІСКЕ ҚОСҚАН
Ордабасы ауданы, Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Үсен Ахметов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, 30 соттық жерге жылыжай шаруашылығын іске қосқан. Қазіргі таңда жылыжайда түрлі көкөніс дақылдары өсірілуде. Маусымдық кезеңде 100 тоннаға дейін өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл – жергілікті нарықты сапалы әрі экологиялық таза өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік бастама ауылдағы әлеуметтік ахуалға да оң әсерін тигізуде. Бүгінде жылыжайда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Осылайша жоба ауыл тұрғындары үшін табыс көзіне айналып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашып отыр. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, олардың әл-ауқатын арттыруға, ауыл экономикасын жандандыруға бағытталған маңызды мемлекеттік жоба.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
ОРДАБАСИНСКИЙ КРЕСТЬЯНИН ЗАПУСТИЛ ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОЕКТУ “АУЫЛ АМАНАТЫ”
Житель населенного пункта Культоган Ордабасинского района Усен Ахметов в рамках программы “Ауыл аманаты” получил льготный кредит в размере 9 млн тенге и запустил тепличное хозяйство на 30 сотках земли. В настоящее время в теплице выращивают различные овощные культуры. В сезонный период планируется собрать до 100 тонн продукции. Это позволит обеспечить местный рынок качественной и экологически чистой продукцией.
Предпринимательская инициатива оказывает положительное влияние и на социальную ситуацию в селе. На сегодняшний день в теплице постоянно занято 5 человек. Таким образом, проект станет источником дохода для сельских жителей и создаст новые рабочие места. Стоит отметить, что программа “Ауыл аманаты” – важный государственный проект, направленный на поддержку предпринимательских инициатив сельских жителей, повышение их благосостояния, активизацию сельской экономики.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167974?lang=kk

Добавить комментарий