
Жамбыл аудан әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлының Аққайнар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Жыл басында аудан тұрғындарына арналған мемлекеттік бағдарламалар, олардың орындалу барысы және 2026 жылға жоспарланған жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Тұрғындар өз сұрақтарын қойып, барлық бағыттар бойынша тиісті жауаптарын алды. Көтерілген мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта шешімін табу үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.
Осындай ашық форматтағы кездесулер тұрғындармен байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-akkainar/press/news/details/1167311?lang=kk

Добавить комментарий