
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин және аудандық мәслихат депутаты Еркін Жиеналин Көптоғай ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, ондағы әлеуметтік нысандар мен құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыс барысын қарап, депутаттық бақылау жүргізді.
Құрман орта мектебінің жылыту жүйесі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Естай Сисенбаев депутаттық сауал жолдап, мектеп модульдік жылыту жүйесіне көшіріліп, сауал оң шешімін тапқан болатын. Іссапар барысында осы жылыту жүйесінің жұмыс барысы қаралды.
Көптоғай ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін аудандық маңызы бар IV санатты жаңа автомобиль жолы салынуда (0-17,5 км). Авторлық қадағалаушы “Актобедорпроект” ЖШС. Техникалық қадағалаушы “Нисан-Актобе” ЖШС. Мердігер “Қазақ жолы 2050” ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталған, құрылыс ұзақтығы 10 ай деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 17,5 км жол негізі көтерілді, 15 км ҚҚҚ (ПГС), 5км қиыршықтас төселді. 5 су өткізу құбыры салынды. С4 қиыршық тас және басқа да құрылыс материалдары тасылуда.
Сонымен қатар ауыл үлкендеріне жағдайларын сұраса барып, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1168559?lang=kk

Добавить комментарий