АУДАН ӘКІМІ АРМАН ҚАРСЫБАЕВ ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН 15 НАУРЫЗ 2026 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев қала мен ауыл әкімдерін қабылдап, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды өткізу бойынша ағымдағы дайындық жұмыстарын пысықтады. Кездесу барысында сайлау учаскелерінің даярлығы, ұйымдастыру және халыққа ақпараттық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Қала, ауыл әкімдері сайлау учаскелерінің дайындығы жөнінде баяндады. Референдум мәселелері бойынша барлық жауапты қызметкерлер мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы халықтың құқықтық ақпаратпен толық қамтылуын және референдумды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1167658?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *