СОЗАҚТА ФУТЗАЛДАН АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Созақ ауданы «Шолаққорған» спорттық-сауықтыру кешенінде аудан әкімі кубогы үшін ересектер арасында ұйымдастырылған республикалық футзал турнирі өз мәресіне жетті. Ауқымды спорттық додаға еліміздің әр өңірі мен Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген 17 команда қатысып, жанкүйерлерге тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Тартысты өткен бәсекеде командалар жоғары дайындықтарын танытты. Нәтижесінде Қызылорда облысы атынан қатысқан «Orda-S» командасы чемпион атанды. Екінші орынды созақтық «Торлан-строй» командасы иеленсе, үшінші орын Таукент кентінің командасына бұйырды. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы аудан әкімінің кубогы, медальдар мен арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ, жарыс барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В СОЗАКЕ ЗАВЕРШИЛСЯ ОТКРЫТЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ФУТЗАЛУ
В спортивно-оздоровительном комплексе “Шолаккорган” Созакского района завершился республиканский турнир по футзалу среди взрослых на Кубок акима района. В масштабном спортивном состязании приняли участие 17 команд из областей и городов-районов Туркестанской области, которые показали болельщикам зрелищную игру.
В соревновании команды показали высокую подготовку. В итоге чемпионом стала команда “Orda-S”, которая представляла Кызылординскую область. Второе место заняла созакская команда “Торлан-строй”, третье место досталось команде поселка Таукент. Командам-победителям и призерам руководитель отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта акимата Созакского района Мерей Ниязалыулы вручил Кубок акима района, медали и специальные призы. Также в ходе соревнований лучшие игроки были награждены специальными номинациями.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1165945?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ