Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні Жалғызтөбе ауылдық округінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесуге бағытталған түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Тахмина Нұрғалиқызы, Төлеутаев Ғалымжан – Байзақ АПБ КПБ аға жедел уәкілі (киберқылмыс және интернет-алаяқтық бағытында), сондай-ақ Аудандық отбасын қолдау орталығының маманы Медетбек Айгерім қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, құқықтық жауапкершілік, жәбірленушілерге көрсетілетін көмек түрлері, сондай-ақ киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірме берілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-zhalgyztobe/press/news/details/1166347?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ