Түркістан облысында Байдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

Опубликовано:

Автор:

в категории

🏦 Түркістан облысында Байдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

Тергеуді ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізді.

⚠️ Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген.

Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған. Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген.

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген.

⚠️ Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.

👨‍⚖️ Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/I5VMvKN60k2SHQ

📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

🏦 В Туркестанской области вынесен приговор по делу о систематическом хищении бюджетных средств должностными лицами ГУ «Отдел образования Байдибекского района»

Расследование проведено Департаментом АФМ по Туркестанской области.

⚠️ Группа из 18 должностных лиц, включая руководителей, бухгалтеров и экономистов, организовала схему присвоения бюджетных средств путем завышения бюджетных заявок на выплату заработной платы и других начислений 49 общеобразовательных школ района.

Сотрудники бухгалтерии вносили заведомо недостоверные сведения в электронные системы. В платежные ведомости и расчетные листы включались данные лиц, фактически не состоявших в трудовых отношениях с образовательными учреждениями, либо указывались завышенные размеры заработной платы и надбавок.

Для создания видимости законности операций использовался пакет подложных документов: служебные записки, приказы, расчетные ведомости, табели учета рабочего времени. Документы формировались задним числом либо корректировались после проведения платежей с целью приведения отчетности в формальное соответствие.

Бюджетные средства перечислялись на банковские счета подставных лиц, в том числе родственников и знакомых, после чего суммы распределялись между участниками схемы в заранее согласованных долях.

⚠️ В результате сумма ущерба превысила 583 млн тенге.

В ходе следствия ущерб подозреваемыми возмещен полностью.

👨‍⚖️ Судом 14-и виновным назначено наказание от 3 до 7 лет лишения свободы. В отношении четверых лиц уголовное преследование прекращено в связи с амнистией.

Приговор вступил в законную силу.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/I5VMvKN60k2SHQ

📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1166219?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *