2026 жылдың 19 ақпанында Шортанды ауданы әкімдігінің ғимаратында халыққа әлеуметтік қорғау және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында азаматтарға еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кеңестер ұсынылды. Арнайы назар жаңа талаптарға аударылды: 12 наурыздан бастап еңбек шарттарын есепке енгізбеу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу; сондай-ақ сақтандыру келісімшарттарын жасау, міндетті кезеңдік тексерулерді (ОПР) өткізу, қызметкерлерді аттестациялау, сондай-ақ ұжымдық шарттарды «Еңбек» порталына цифрландыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті» РММ басшысы Ерлан Әнуарбекұлы Абжатов, Ақмола облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Салыққызы Рахматуллина қатысты.
Жұмыс сапары барысында Ерлан Әнуарбекұлы азаматтарды, сондай-ақ ауданның жұмыс берушілері мен қызметкерлерін қабылдап, еңбек заңнамасын сақтау, жалақыны уақтылы төлеу, еңбек қатынастарын рәсімдеу және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштерін қарады. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, тиісті ұсынымдар жасалды. Бірқатар мәселелер белгіленген тәртіппен қосымша қарау үшін жеке бақылауға алынды.
19 февраля 2026 года в здании акимата Шортандинского района прошёл День открытых дверей, организованный в целях проведения информационно-разъяснительной работы с населением по вопросам социальной защиты и соблюдения трудового законодательства.
В рамках мероприятия гражданам были даны разъяснения по актуальным вопросам в сфере трудовых отношений, занятости и социальных выплат, а также предоставлены консультации по действующим нормам законодательства. Особое внимание было уделено новым требованиям: с 12 марта вводится административная ответственность за не включение трудовых договоров в учет; обсуждались вопросы заключения договоров страхования, проведения обязательных периодических проверок (ОПР), аттестации работников, а также оцифровки коллективных договоров на портале «Еңбек».
В работе Дня открытых дверей приняли участие руководитель РГУ «Департамент Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по Акмолинской области» Абжатов Ерлан Ануарбекович и руководитель ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Акмолинской области» Рахматуллина Шолпан Салыковна.
В ходе рабочего визита Ерлан Ануарбекович провёл приём граждан и рассмотрел обращения жителей, работодателей и работников района по вопросам соблюдения трудового законодательства, своевременной выплаты заработной платы, оформления трудовых отношений и предоставления социальных гарантий. По каждому обращению были даны подробные разъяснения норм действующего законодательства, а также соответствующие рекомендации. Ряд вопросов взят на личный контроль для дальнейшего рассмотрения в установленном порядке.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1165470?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ