Дайындық – жоғары деңгейде!

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш және Сырдария аудандық жедел штабтарының (бұдан әрі –  АЖШ) қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу жаттығудың негізгі мақсаты терроризмге қарсы операция өткізуге тартылған аудандық жедел штаб құрамындағы жедел топтардың теориялық дайындық деңгейін көтеру, терроризм актісінің жолын кесуге арналған ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрекеттерін жетілдіру болып табылады.

Осы ретте, терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб құрамындағы топтардың террористік сипаттағы оқиғалар көрініс берген кезеңіндегі қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға дайындық деңгейіне,     сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны өткізуге қатысатын қызметкерлердің тәжірбиелік дағдысына баға берілді.

Жалпы ұйымдастырылған іс-шара АЖШ құрамындағы жедел топтардың дайындық деңгейі мен теориялық білімінің жоғарылауына негіз болды.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық жедел штабының негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1165520?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version