Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Касеновтың қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті жерлестер!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл кезең – біздің қоғамымызда тек діни жоралғы ретінде емес, ең алдымен рухани жаңғыру мен парасаттылықтың мезгілі ретінде ерекше бағаланады. Рамазан айы адам баласын сабырлыққа, төзімділікке және айналасындағы жандарға мейіріммен қарауға тәрбиелейді.

Ораза – тағдырлар мен көзқарастарды бір дастархан басына біріктіріп, қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтады. Мұқтаж жандарға көмек көрсету, қайырымды істерге ұйытқы болу – біздің халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Бұл уақыт әрбір азаматтың өз ерік-жігерін шыңдап, жаман әдеттерден арылуына және ізгілікке бет бұруына мүмкіндік береді.

Біздің басты байлығымыз – елдегі бейбітшілік пен конфессияаралық келісім. Рамазан айы осы құндылықтарды одан әрі бекемдей түсетініне сенімдімін.Осынау берекелі күндерде әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке және жақсылық тілеймін. Ниеттеріңіз асыл, қадамдарыңыз сәтті болсын. Еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болғай!

Рамазан  айы құтты болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/1164805?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version