2026 жылғы 16 ақпанда Аққайнар ауылдық округінде Жамбыл ауданы қоғамдық ұйым мүшелерінің бастамасымен «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты алғашқы кездесу өтті. Іс-шара ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, елдегі конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.
Жиынға Алматы облыстық мәслихатының депутаты Молдашева Меруерт Сағындыққызы, қоғам белсендісі Касымберекбаев Таңірберген Қасымқанұлы, Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бижуменова Сания Қабдрашовна, сондай-ақ Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Жунусов Айдын Серікұлы қатысып, тұрғындармен өзара пікір алмасып, кездесуді жүргізді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-akkainar/press/news/details/1165318?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ