СОЗАҚ АУДАНЫНДА ФУТЗАЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Созақ ауданындағы «Шолаққорған» спорттық-сауықтыру кешенінде аудан әкімі кубогына арналған ересектер арасында республикалық футзал турнирі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында өңір басшысы Мұхит Тұрысбеков қатысушы командаларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Турнирге Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген командалар қатысуда. Аталған жарыста жалпы саны 17 команда бақ сынауда. Жарыс халықаралық FIFA талаптарына сәйкес өткізілуде. Турнирдің мақсаты – футзал спортын дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ құқық бұзушылық пен нашақорлықтан сақтандыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстарды күшейту.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В СУЗАКСКОМ РАЙОНЕ СТАРТОВАЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ФУТЗАЛУ
В спортивно-оздоровительном комплексе “Шолаккорган” Созакского района стартовал республиканский турнир по футзалу среди взрослых на Кубок акима района. На открытии соревнований глава региона Мухит Турысбеков пожелал удачи командам-участникам и подчеркнул важность развития массового спорта и пропаганды здорового образа жизни.
В турнире принимают участие 17 команд из Жамбылской, Кызылординской областей, городов Алматы и Шымкент, а также районов-городов Туркестанской области. Соревнования проводятся в соответствии с международными требованиями FIFA. Цель турнира – развитие футзального спорта, приобщение молодежи к здоровому образу жизни, а также усиление воспитательной работы по профилактике от правонарушений и наркомании.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1163906?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ