2026 жылғы 18 ақпанда Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясына ұсынылған мәселелерді алдын ала талқылау бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті. Отырысты мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов ашып, жүргізді.
Мәжіліс барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ж. Жабаев баяндама жасады. Сондай-ақ жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы жұмыстар жөнінде басқарма басшысы Қ. Бекбауов қосымша баяндады.
Күн тәртібінде Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымға тағайындау мәселесі қаралып, тиісті ұсыныс сессия қарауына енгізілді.
Сонымен қатар Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес халық санының өсуіне байланысты Абай ауданында, Қаратау аудандарынан құрылған жаңа учаскелік сайлау комиссияларына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары негізінде құрамы қалыптастырылды.
Мәжілісте сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Қаралған мәселелер Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1164679?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ