Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 27 ақпанға сағат 10:00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- Қарақия ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасы туралы;
- Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 34/279 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-karakiya/press/news/details/1164243?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ