АРЫСТА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Арыс қаласында 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумды қолдау мақсатында құрылған коалиция мүшелерінің жиыны өтті. Басқосуға қаладағы Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, тұрғындар, Respublica партиясының өкілдері және кәсіби заңгерлер қатысты.
Жиынды ашқан Арыс қалалық коалиция төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Б.Ділдәбеков референдумның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында референдум – мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын, халықтың тікелей таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды саяси қадам екенін жеткізді.
Бұдан соң сөз алған қалалық коалиция мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жүніс және қалалық коалиция мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіби медиатор Ж.Өтегенова елімізде өтіп жатқан әрбір саяси науқанға бір кісідей атсалысу – дамыған азаматтық қоғамның басты белгісі екенін атап өтті. Олар барша азаматтарды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Жиын барысында қатысушылар референдумның мән-маңызы туралы пікір алмасып, елдік мүдде жолында белсенділік таныту қажеттігін қолдады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1164041?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ